Жаһанның ірі кинокомпаниялары Қазақ елінде кино түсірмек

Жаһанның ірі кинокомпаниялары Қазақ елінде кино түсірмек
Сурет: Кapital.kz

Қазақ киносының аясы кеңейді

Әлемнің алпауыт кинокомпаниялары Қазақстанда кино түсіреді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның тартымды келбеті әлемдік блокбастерлерде! Танымал шетел компаниялары еліміздің аумағында кино түсіруге ниеттеніп отыр.

Осы жылдың басында Франция және Ресей елдері сынды киноөндіріс саласының майталмандарынан өтініштер келіп түскен.

Бұл жөнінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан хабарлады. Ұйымның бас продюсері Адай Әбілдиновтің айтуынша, бұндай келісімдер бұған дейін де жасалған. Оларды жүзеге асыруға пандемия кедергі келтірген.

«2019 жылы кино орталық пен шетелдік компаниялар бірқатар келісөз жүргізді. Америкалық «NBC Universal», «Warner Brothers», «Discovery», «Global Film» сынды компаниялар Қазақстан аумағындағы локацияларға қызығушылық танытты. Әрине, мұның бәрі пандемияға дейін болған еді, тіпті біздің локацияларда түсіру бойынша бірқатар келісім жасалған», - деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бас продюсері Адай Әбілдинов.