Ковидтен кейін шаш түсуді қалай тоқтатуға болады?

Ковидтен кейін шаш түсуді қалай тоқтатуға болады?
Сурет: Gazeta.ru

COVID-19 індетімен ауырып, жазылғаннан кейін вирустың денсаулыққа тигізген жағымсыз әсерінің салдарымен күресу басталады.

Организм жүйелерінің жұмысындағы бұзушылықтардан басқа, ковидпен ауырған адамдардың шамамен 80%-ында 3-4 айдан кейін шаштың түсуі байқалады. Бұл мәселемен қалай күресуге болады?

Бір кездері шығыста әйелді шашына қарап таңдау дәстүрі болған: егер қыздың шашы қалың жылтыр болса, бұл оның денсаулығының керемет екенін білдіреді. Сондықтан шығыс сұлулары шаштарына мұқият қараған. Әрине, қазіргі таңда қалыңдық таңдау критерийлері айтарлықтай өзгерді. Бірақ әдемі сау шаш бәрібір денсаулықтың ойдағыдай екендігінің белгісі болып қала береді. Адамның шашы, терісі, тырнағы – бұл организмнің жай-күйін көрсететін басты мүшелері.

Вирустық соққы

Өкінішке қарай, ковидпен ауыру организмнің саулығына жағымсыз әсер етеді. Жүрек-тамыр, тыныс алу, жүйке жүйелеріндегі бұзылулар сияқты жиі кездесетін мәселелерден басқа, үнемі шаршаңқылық сезіну, депрессиядан басқа, коронавируспен ауырған адамдардың шамамен 80%-ында 3-4 айдан кейін шаш түсуі байқалады.

Ең жағымсыз тұсы, бұл постковидтік шаш түсу синдромы әйелдерде жиірек кездеседі екен. Әйелдің иммундық жүйесі вирусқа күрт реакция береді, тіпті қалпына келтірілгеннен кейін де, бүкіл денеге таралған вирустың ең кішкентай бөлшектері қабынуды тудыруы мүмкін, бұл, сәйкесінше, қалпына келудің ұзауына  әкеледі.

Вирус ағзаға енген кезде барлық ресурстар онымен күресуге кетеді. Организм бар ресурсы сарқылғанша жұмыс істейді, жасушалардың, әсіресе, терінің қоректенуі бұзылады. Бұл шаш фолликулаларына әсер етеді. В тобындағы дәрумендердің, мырыштың, темірдің жетіспеушілігі шаштың өсуіне және алопецияға (таздану) көбірек әсер етеді.

Гормоналды тепе-теңдік

Зиянды вирус гормоналды күйге де теріс әсер етеді - көп әйелдер циклдің бұзылуын, тонустың төмендеуін, энергияның жоғалуын және көңіл-күйдің нашарлауын байқаған. Ковидке байланысты ерте менопауза жағдайлары да болды. Гормоналды бұзылыстарды көптеген вирустар, соның ішінде коронавирус тудырады.

Қалпына келтіру

Денені тез қалпына келтіру және шаштың түсу мәселесін шешуге қалай көмектесуге болады?

Қалпына келтіру кезеңінде дәрігердің барлық нұсқауларын орындау, салауатты өмір салтын ұстану, тыныс алу жаттығуларын жасау, көбірек демалу, ұйқы режимін қатаң сақтау, таза ауада жиірек болу, күнделікті жұмыс кестесіне жеңіл дене жаттығуларын енгізу маңызды.

Организм аурудан сарқылғаннан кейін қалпына келтіру үшін қосымша ресурстар - витаминдер мен минералдар қажет. Күшті иммунопротекторлар D3, C витаминдері, мырыш иммундық жүйеге көмектеседі, аурудан кейін тезірек қалпына келтіруге ықпал етеді, қабынуды азайтады. Сондықтан оларды қосымша қабылдау маңызды. Сонымен қатар, бұл микроэлементтер біздің организмімізде көбіне жетіспейді. Иммунитет көтерілу үшін селен, магний, темір, йод сияқты микроэлементтердің де маңызы кем емес.

Шаштың түсуін тоқтату үшін алдымен В тобындағы витаминдерді жеткілікті мөлшерде немесе қосымша қабылдауға назар аудару керек. В2, В3, В5, В6, В7 дәрумендері коллаген синтезіне қатысады, зат алмасуды белсендіреді және шаш фолликулаларына баратын қан ағымын қамтамасыз етеді, осының арқасында ол көбірек қоректік заттар мен оттегі алады - шаш тез өседі, қалың және жылтыр болады.

В тобының дәрумендері етте, балықта, жармада көбірек болады. В3 дәрумені (никотин қышқылы) шаш түбіне жағуға арналған капсула түріндегі сұйық күйінде де сатылады.

Ағзаны қалпына келтіру процесінде және, атап айтқанда, шаштың өсуіне, А және Е витаминдері антиоксиданттары маңызды. Олар жаңа жасушалардың пайда болуына ықпал етеді, эластин мен коллаген өндіруде маңызды рөл атқарады және шаш тамырларына бос радикалдар мен токсиндердің зиянды әсерлерді бейтараптайды. А дәрумені кератин синтезін белсендіреді және метаболикалық процестерді қалыпқа келтіреді, бұл шаш фолликулаларын нығайтуға және дұрыс дамытуға, шаштың сынғыштығын жоюға және олардың серпімділігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, ол майдың өндірілуін реттейді, шашқа жылтыр және жақсы күтімді көрініс береді. Е дәрумені (токоферол) метаболизм процестерін және капиллярлардың тонусын жақсартады, шаштың түсуін баяулатады және шаштың қоректенуін жақсартады.

Бірге тиімдірек!

Витаминдер мен минералдарды бір-бірінен бөлек қабылдаудың қажеті жоқ - бұл, біріншіден, өте қымбат және микроэлементтердің комбинациясын бір-бірінің әсерін жоққа шығарып, кедергі жасамайтындай, керісінше, ағзаға жақсы сіңетіндей етіп таңдап алу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Бұл міндетті мамандарға – тәжірибелі фармацевтерге тапсырған дұрыс. Қазір  дәріханалар сізге әр түрлі витаминдік жиынтықтарды ұсына алады, негізінен - барлығына арналған жалпы күшейтетін витаминдер. Бірақ оның сипаттамалары мен қажеттіліктерін ескере отырып, әйел организмі үшін арнайы әзірленген витаминдік жиынтықтар бар екенін көп адам біле бермейді.

Сұлулық пен денсаулықты сақтау тек сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Демалу және физикалық белсенділік режимін ұстаныңыз, көбірек жүріңіз, ағзаны іштен қоректендіре қолдайтын және қалпына келтіруді тездететін витаминдерді қабылдаңыз.