Азия чемпионатында балуандарымыз үшінші орында келеді

Азия чемпионатында балуандарымыз үшінші орында келеді
Сурет: Ашық дереккөз

Балуандарымыз 1 күміс, 3 қола медаль алды

Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты алғашқы жарыс күнінен кейін жалпыкомандалық есепте Қазақстан үшінші орында келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құрлықтық доданың алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар 1 күміс, 3 қола медаль алды.

Ел құрамасынан Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) құрлықтық додада күміс жүлдегер болды.

Ал Аманғали Бекболатов (55 келі) пен Мұхамедәлі Мамырбек (63 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде алды.

Ал Демеу Жадыраев (77 келі) 3-орын үшін сайыста қарсыласына есе жіберіп, жүлдесіз қалды.

Жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алған Иран құрамасы көш басында келеді.

Одан кейін орынға 1 алтын, 1 қоламен Қырғызстан жайғасты.

Ертең, 10 сәуірде грек-рим күресінен қалған салмақтарда жүлделер сарапқа салынады.

Ел құрамасынан Ернұр Фидахметов (60 келі), Алмат Кебіспаев (67 келі), Ибрагим Магомедов (72 келі), Диас Қален (82 келі), Олжас Сырлыбай (97 келі) бозкілемге шығады.

Сондай-ақ, 11-12 сәуірде әйелдер, 13-14 cәуірде еркін күрестен сайыстар өткізіледі.