Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогында қола медаль еншіледі

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем кубогында қола медаль еншіледі
Сурет: Ашық дереккөз

Азамат грузиялық Сандро Аминашвилиді 8:2 есебімен жеңді

АҚШ-тың Коралвилл қаласында (Айова штатында) өткен еркін күрестен әлем кубогында отандық балуан Азамат Дәулетбеков қола медаль иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азамат Дәулетбеков әлем құрамасы сапында өнер көрсетті. Оған 2022 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздік палуандар шақырылды. Әлем құрамасы жарысты екінші айналымнан бастады.

Азамат грузиялық Сандро Аминашвилиді 8:2 есебімен жеңіп, қола жүлде иеленді.

Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен 2022 жылғы Әлем кубогында Біріккен күрес әлемі құрамасында Қазақстан атынан өнер көрсетті. Жекелей сында ол жақсы көрсеткішке ие болғанына қарамастан, оның командасы АҚШ-та жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады.