Алматыдағы Ұлттық кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты

Алматыдағы Ұлттық кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін меценат Ғани Смаханұлы өзінің демеушілігімен жарыққа шығарған кітаптарды ҚР Ұлттық кітапхана қорына табыстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Атап айтсақ, олардың қатарында қазақтың тұңғыш антрополог ғалымы, профессор Оразақ Смағұлдың, Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург Дулат Исабековтің,  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың, ақын-драматург,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бақытжан Қанапияновтың, қазақтың тұңғыш кәсіби елшісі, мемлекет және саяси қайраткері Нәзір Төреқұловтың, мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым, тарихшы Өзбекәлі Жәнібековтің және  басқа да зиялы қауым өкілдерінің жарыққа шыққан еңбектері бар.