Барлық іс ел ертеңі үшін

Барлық іс ел ертеңі үшін

         Мемлекет басшысының Жолдауда көтерген бастамалары өте маңызды. Мұны еліміздің алдағы перспективалық дамуына арналған деп айта аламыз. Өздеріңізге мәлім болғандай, кезекті Жолдау саяси және экономикалық мәселелерді қамтыды. Сонымен бірге ол әлемдегі сын-қатерлердің алдын алып, өзекті дүниелердің шешілуіне атсалысары сөзсіз. Әділетті қоғам құру жолында билік пен халықты жақындастыру, арақатынасын нығайту басты назарда ұсталады.

Қазақстан жаңа бағыттарға қадам басуда. Жолдауда бірқатар саяси өзгерістер болатыны айтылды. Дәл қазір еліміздің өсіп-өркендеуі негізгі ұстаным болып тұр. Осы жолда игі өзгерістер мен бастамалардың жүзеге асқандығын қалаймыз.

       Президентіміз  алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап берді. Бұл  мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғыртудың нақты қадамдары болмақ. Мемлекет басшысы тұжырымдағандай, саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры.  Бұл ретте әрине, елімізде қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Президент айтқандай,  Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні де осы қағидатпен үндеседі. Біз   қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек.