Қала күніне орай футбол турнирі өтеді

Қала күніне орай футбол турнирі өтеді
Сурет: sportberry.livejournal.com

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі БАҚ өкілдері арасында қала күнін мерекелеуге арналған кіші футбол турнирін өткізетінін хабарлайды.

Қатысуға қалалық және республикалық БАҚ редакцияларынан командалар шақырылады.

Турнирге қатысу үшін өтінімді (команда капитанының аты-жөні, БАҚ атауы, ойыншылардың тізімі (6 адамнан кем емес), байланыс деректері) ағымдағы жылдың 8 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) өңірлік коммуникациялар қызметінің  info@rsk.almaty.kz электрондық мекенжайына "футбол турниріне қатысу үшін" белгісімен жіберу қажет.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:+7 777 777 5458 – Жәнібек, +7 707 779 9120 – Асан.

Турнир 2022 жылдың 10 қыркүйегінде өтеді