Болашақты ойласақ балалардан бастау керек – Әділ Жүнісов

Болашақты ойласақ балалардан бастау керек – Әділ Жүнісов Сурет: Kazbilim.kz

Жиналған қаржыны білім беруге жұмсауға болады


Философия, саясаттану және дінтану институтының қызметкері Әділ Жүнісов Ұлттық қор пайдасының 50% 17 жасқа толған қазақстандық балаларға берілетіні туралы Президент Жолдауында айтылған идея жаңа Қазақстан мен жаңа қоғам құрылып жатқанының жарқын көрінісі деген пікірде. 



«Президент Жолдауы әлеуметтік саланы жақсартуға бағытталған. Өскелең ұрпаққа, студенттерге көп көңіл бөлінгені байқалады. Бұл өте дұрыс», – деді ол.



Оның пікірінше, қызыл дипломы бар азаматтар базарларда еңбек етпеуі керек, сондықтан елімізге еңбек ресурсын орынды бөлу аса қажет.  





«Жастардың жеті пайызға жуығы жұмысқа тұрмаған. Осы мәселені қарап, өндірісті көтеру керек», – деді Әділ Жүнісов.



ҚазҰҚПУ дене шынықтыру және спорт кафедрасының бағдарламалық көшбасшысы Әлия Есілбаева Ұлттық қордан балаларға қаражат бөлу мәселесін ерекше қолдады. 



«Бұл бізге, жас ұрпаққа аса қажет. Енді балалар 18 жасқа толғасын бұл қаржыны білім алуға жұмсай алады», – деді ол.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет