Аудан аумағында қатынайтын 102 автобус жаңартылды

Аудан аумағында қатынайтын 102 автобус жаңартылды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жыл соңына дейін тағы 21 маршрут жаңартылмақ.

Жетісу ауданына тағы да 79 автобус беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту және тұрғындарға ыңғайлы болу үшін 5 маршрутта (№38, 69, 47, 113, 125) 102 автобус жаңартылды, сондай-ақ жыл соңына дейін 21 маршрут жаңартылып, күшейтіледі, автобустар саны 332-ден 411-ге дейін (79 автобус) көбейтіледі», деп мәлімдеді аудан тұрғындарымен кездесуде мегаполис басшысы.

Анықтама үшін: 21 маршрут - №2, 8, 12, 30, 32, 34, 38, 50, 59, 63, 65, 70, 73, 79, 92, 120, 121, 123, 131, 135, 137.