Жетісу ауданында Жастар Комьюнити орталығы ашылады

Жетісу ауданында Жастар Комьюнити орталығы ашылады
Сурет: Almaty.tv

Жастар Комьюнити орталығын орналастыру үшін Боткин көшесі, 16 мекенжайынан ғимарат сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ғимарат 20 қыркүйекке дейін сатып алынады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданы тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Орталықтың ашылуы қараша айына жоспарланған.

«Бұл сіздердің аудандарыңызда ашылғалы отырған жаңа форматтағы алғашқы орталық екенін атап өткім келеді. Орталық жұмысы негізінен жастарды, ең алдымен NEET санатына жататын жастарды жұмысқа орналастыру, оқыту және кәсіптік бағдар беруге, сондай-ақ психологиялық және заң көмегін көрсетуге бағытталатын болады», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.