Тозған жылу желілері жөнделуде

Тозған жылу желілері жөнделуде
Сурет: ашық дереккөз

Тозған жылу желілерін модернизациялау бойынша толайым жұмыстар жүргізілуде.  

Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 8,4 шақырым жылу желілерін реконструкциялау жөніндегі маңызды жобаларды іске асыру жұмыстары басталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айнабұлақ-2 шағын ауданындағы Қазыбаев, Серіков, Ангарская, Мұқатай көшелері арқылы өтетін, жалпы ұзындығы 5,9 шақырым (2022ж. – 1,7, 2023ж. – 2,2, 2024ж. – 2 шақырым) «Айнабұлақ» жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Биылғы жылға жоспарланған 2,2 км жылу желілері осы жылдың қыркүйек айында аяқталады, -деді Алматы қаласының әкімі Е.Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде.

Сонымен қатар Казаков және Бродский көшелеріндегі жалпы ұзындығы 2,5 шақырым (2023ж. – 1,1, 2024ж. – 1,4 шақырым) жылу магистралін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Казаков және Бродский көшелеріндегі жалпы ұзындығы 2,5 шақырым жылу магистралін жөндеу жұмыстарының 1,1 шақырымын осы жылдың қыркүйек айының соңына қарай аяқтау жоспарлануда. Екі жоба да 2024 жылы толығымен аяқталады, -деді қала әкімі.

Айта кету керек, Колпаковский және Есенов көшелерінің бойындағы (245 м) жылу магистралін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Бұл № 143 мектепті тұрақты жылумен қамтамасыз етеді.