Жетісу ауданында жаяу жүргіншілер өткелі жөнделеді

Жетісу ауданында жаяу жүргіншілер өткелі жөнделеді
Сурет: интернеттен

Жұмыстар осы қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. 

Қазыбаев және Серіков көшелерінің қиылысында светофор орнатылып, іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Сіздердің көптеген өтініштеріңіз бойынша биыл 3 светофор құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Солтүстік айналым көшесіндегі 2 светофорды (Боралдай көшесінің қиылысы, Постышев көшесінің қиылысы) қараша айында қосу жоспарланып отыр», деді Алматының әкімі бүгінгі кездесуде.

Сонымен бірге 5 жерүсті және 10 жерасты жаяу жүргіншілер өткелін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар осы қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.