Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры қамауға алынды

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры қамауға алынды
Cурет: Inform.kz

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-на қажетті құрылғы алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 16 ақпанда Ш.Данбай Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.