Биыл азық-түлік өнімін шығаратын 5 кәсіпорын ашылады

Биыл азық-түлік өнімін шығаратын 5 кәсіпорын ашылады Cурет: Ашық дереккөз

Кәсіпорындардың барлығы жыл соңына дейін ашылады


Елімізде биыл азық-түлік өнімін шығаратын 5 кәсіпорын ашылады. Оны салуға 15 млрд теңге жұмсалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz LS сайтына сілтеме жасап.


Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметінше, жаңа жобалар Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қызылорда облыстарында іске қосылады. Бұл нысандарда 632 жұмыс орыны құрылады.


Сондай-ақ елордада 1,7 млрд теңге тұратын 3 кәсіпорын салынады. Олардың жалпы күші жылына 15,7 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Ол жерде 350 адам жұмыспен қамтылады. Бұл нысандар 2022 жылдың наурыз, масым және желтоқсан айларында іске қосылады деп жоспарланып отыр. 


Осы сияқты тағы үш жоба Қызылорда облысында іске қосылады. Оған бөлінген инвестиция 1,9 млрд теңге. Министрліктің мәліметінше, бұл нысандардың ашылуы осы жылдың көктемі мен күзіне жоспарланған. Ал, Батыс Қазақстан облысында салынып жатқан азық-түлік кәсіпорынына 11 млрд теңге тартылған. Ол жылына 6,2 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. 


Сонымен қатар Тараз қаласында да  жылына 2,1 мың тонна өнім шығаратын  кәсіпорын салынып жатыр. Оның ашылуы күзге белгіленген. Бұл өндіріс орынын салуға 320 млн теңге тартылған. Кәсіпорында 170 адам жұмыс істейтін болады. Ал, Павлодар облысында осы жылдың соңына қарай азық-түлік өнімән шығаратын өндіріс орыны ашылады. Жылына 13 мың тонна өнім шығаратын бұл кәсіпорынды салуға 84 млн теңге тартылған. Ол жерде 50 жұмыс орыны құрылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37