ҚР Президентінің шәкіртақысын кімдер алады?

ҚР Президентінің шәкіртақысын кімдер алады?
Сурет: Ratel.kz

Президенттік шәкіртақыны қай оқу орнының студенттері алатыны белгілі болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы» бұйрық жобасын даярлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұйрық қосымшасында мына оқу орындарында стипендиялар көрсетілген:

- «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі - 5;

- «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - 9;

- «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі - 4.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін», - делінген құжатта.