Атам-ай, атам!..

Атам-ай, атам!..
Сурет: интернеттен

Астана музейі Назарбаевтың балауыз мүсінін неге алып тастады?

Музей мәліметінше, көрме залында реэкспозиция бойынша жұмыстар жүргізілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Астанадағы Қазақстан Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алты жыл бұрын орнатылған балауыз мүсінін неге алып тасталғанын түсіндірді.

Музей мәліметінше, көрме залында Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына байланысты реэкспозиция (экспозицияны өзгерту және жаңарту – еск.) бойынша жұмыстар жүргізілген.

"2024 жылы Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орай "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері" көрме залында Сағадат Қожахметұлының өмірі мен әскери қызметін толық қамту мақсатында реэкспозиция өткізілді", - делінген музейдің мәліметінде.

Музейдегі көрме залдарын жөндеу әлемдік тәжірибе деп аталды.

Еске салайық, жақында Астанадағы музейден Назарбаевтың балауыз мүсінінің алып тасталғаны белгілі болды. Ол 2018 жылы қойылған.