Алматыда жас полицейлер алғашқы шендерін алды

Алматыда жас полицейлер алғашқы шендерін алды
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 30 жас қызметкер лейтенант шенін алды.

Салтанатты табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының алаңында өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бүгінгі күн – әрқайсыңыз үшін өмір бойы есте қалатын маңызды оқиға. Сіздер алғашқы офицерлік шенді аласыздар. Менен бастап, осы шараға қатысқан әрбір қызметкер де қызмет басындағы осы сәтті естеріне алады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қоғамның сенімін ақтайтын да сіздер! Әрбір азамат, оның ішінде жақындарыңыз өзін толық қауіпсіз сезінуі үшін ішкі істер органдарының беделін арттыруға және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әрқайсыңыз өз үлесіңізді қосуыңыз керек. Бір қызығы, шендерді тапсыру рәсімі маңызды тарихи құжаттар мен көрмелер сақталған еліміздің Мемлекеттік Орталық мұражайында өтіп жатыр. Сіздер тарихта қалуларыңыз қажет. Сіздерге, құрметті әріптестер, табысты қызмет тілеймін. Отбасыларыңызда құт-береке болсын», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.