Доллар қымбаттады

Доллар қымбаттады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

0,88 теңгеге көтерілді.

Қазақстан қор биржасының мәліметінше, доллардың орташа бағамы 447,53 теңге болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 61,63 теңге болды.

Ұлттық банк еуроның бағамын 481,35 теңге, рубльді 4,84 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 447,7-449,5 теңгеге, еуро 480-484 теңгеге, ресей рублі 4,73-4,85 теңгеге сатылуда.

Ал 2 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнай бағасы 30 қазаннан бері алғаш рет барреліне 89 доллардан асты.

Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері барреліне $89,02, ал WTI мамырдағы фьючерстері 1,97%-ға, барреліне $85,36-ға дейін көтерілді.