Оқушылардың қауіпсіздігі мұғалімдерге жүктеледі

Оқушылардың қауіпсіздігі мұғалімдерге жүктеледі
Сурет: Elorda.info

Ата-анасы келмейінше, баланың теріс қылығы үшін мұғалім оны мектептен шығарып жібере алмайды. Мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі ережелерге осы сияқты өзгерістер енгізілді.

Енді мұғалім ата-анасы келмейінше, баланы теріс қылық жасағаны үшін мектептен шығарып жібере алмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ бала мектептен тыс болған кезде оның өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналар жауап береді деген тармақ қосылды. Ал білім алатын уақытында оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік мұғалімдерге жүктеледі.

Енді оқушылар мен мұғалімдер қажет болған жағдайларды қоспағанда, сабақ кезінде мобильді байланыс құралдарын пайдалана алмайды.