Астанада мұнара кранының кабинасы өртенді

Астанада мұнара кранының кабинасы өртенді
Сурет: Астана қаласы ТЖД

Өрт сөндірушілер мұнара кранының өртін жойды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 

Бүгін таңертең Байқоңыр ауданында жаңа ғимараттың аумағында 12-қабат деңгейінде мұнара кранының кабинасы өртенді.
Өрт сөндірушілер күшімен өрт толығымен сөндірілді. Өрттің ауданы - 1,5 ш. м. Медициналық тексеруден кейін краншы ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.