Полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруда

Полиция  күшейтілген режимде қызмет атқаруда
Сурет видео скрині

Түркістан облысында полицейлер су басқан ауылдардағы тұрғындарға көмектесуде

Сауран ауданындағы ауа-райының қолайсыздығына, нөсерлі жаңбырға және өзен сулары деңгейінің көтерілуіне байланысты полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Полиция, ТЖД және тиісті қызметтердің күштерімен халыққа көмек көрсетілуде, жаңбыр суының қауіпсіз өтуі мақсатында жағалауын кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Сауран ауданы Теке ауылында жақын маңдағы көшелердің су басуына байланысты адамдарды эвакуациялау жүргізілді. Қазіргі уақытта өзен деңгейінің төмендеуі байқалады. 

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.