Асхат Аймағамбетов балаларының оқуына араласпайтын ата-аналар жайлы сөз қозғады

Асхат Аймағамбетов балаларының оқуына араласпайтын ата-аналар жайлы сөз қозғады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бала сабағына кіріспейтін ата-аналарға кеңес берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бізде әртүрлі зерттеулер бар. Оның ішінде TIMSS зерттеуі бар ол балалардың  үлгерімін анықтайды. Сондай-ақ PISA атты халықаралық зерттеу бар. 2019 TIMSS зерттеуімен 4 сынып оқушыларының үлгерімін қарадық. Сонда олардың үлгеріміне қандай факторлар әсер етті деген сұраққа жауап іздедік», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, зерттеудің арқасында нақты факторлар анықталған.

«Зерттеу нәтижесінде, орташа есеппен алғанда, үйдегі ата-аналары балаларына көмектесіп, балаларының оқуына араласатын отбасында бағалары әлдеқайда жоғары болды. Ал бала сабағына кіріспейтін, оған немқұрайлы қарайтын ата-аналардың балаларының орташа бағасы - 20-25 балл. Бұл - нақты көрсеткіш», - деді Асхат Аймағамбетов «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты республикалық тамыз конференциясында.

Осы факторларды айта келе, министр баланың кәсіби жетістікке жетуі оның ата-анасымен бірге кітап оқуы мен білім алуға деген жағдайының толықтай жасалуына байланысты екенін айтты.