Асхат Аймағамбетов қандай қызмет атқармақ?

Асхат Аймағамбетов қандай қызмет атқармақ?
Сурет: Elorda.info

4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылған еді.

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы беделді ЖОО-ның бірінде ұстаздық етуді жоспарлауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап,

«Қазір уақытымды балаларыммен өткізіп жатырмын. Олардың тәрбиесіне мән беріп, балабақша, мектепке алып барып, әкелумен айналысып жүрмін. Жуырда Астана қаласындағы ірі әрі сапалы білім беретін университеттердің бірі ұсыныс білдірді. Біраз тәжірибеңіз бар, студенттермен бөліссеңіз деді. Өзім педагог, оқытушы болғаннан кейін маған ол жақын. Қарапайым оқытушы болып, студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабылдадым. Қазір құжаттармен яғни оқу бағдарламасымен айналысып жатырмын», - деді Асхат Аймағамбетов тілші Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында. 

Экс-министрдің айтуынша, оқытушы болудан басқа да ұсыныстар түскен.