Асқар Омаров Орталық коммуникациялар қызметіне директор болды

Асқар Омаров Орталық коммуникациялар қызметіне директор болды
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Асқар Омаровтың Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Ал осы уақытқа дейін «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болған Ержан Бабақұмаров қызметінен босатылды.