Қапшағайда үш қызды құтқарған азамат марапатталды

Қапшағайда үш қызды құтқарған азамат марапатталды
Сурет: ТЖД

Қапшағай су қоймасындағы үш қызды құтқарған азамат "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қапшағай су қоймасындағы үш қызды құтқару кезінде 2022 жылғы 29 шілде күні көрсеткен ерлігі, батылдығы және жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен азамат Александр Владимирович Ананиев Конституция күніне арналған салтанатты іс-шарада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті және өрт сөндіру қызметі жеке құрамының салтанатты сабының алдында "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, оның ерлігі туралы блогер Александр Цойдың Instagram парақшасында жарияланды.

Осы жылдың 17 шілдесінде Александр демалыс аймағында балаларымен және немерелерімен демалыста болған сәтінде суға батып бара жатқан қыздарды құтқарды. 

Оның қамқорлығының арқасында қыздардың өмірі құтқарылды. Жақсы істер ешқашан марапатталудан және назардан тыс қалмау керек.