Аружан Аупикова, студент: Қалыпты өмірге оралуымызға бірден-бір себепкер ол – біз

Аружан Аупикова, студент: Қалыпты өмірге оралуымызға бірден-бір себепкер ол – біз
сурет: Almaty-akshamy.kz

Біздің елімізде вакцина алу әркімнің өз еркінде.

Қазақ инженерлік-технологиялық университетінің студенті Аружан Аупикова бүкіл әлемде болып жатқан эпидемиологиялық ахуал бізді қалыпты өмірімізден ажыратты, ал вакцина алу арқылы біз вирустың таралуын тоқтата аламыз және онымен күресеміз деген пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол егер адам өзі қаласа, денсаулығында кінәраты болмаса, екпе алған жөн деп санайтынын жеткізді.

«Вакцина алсақ, біздің ағзамызда вирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Қазіргі таңда адамдардың көзқарасы вакцинация туралы екі ойлы. Біреулері жақтаса, біреулері даттап жатады. Ал бірақ, біздің елімізде вакцина алу әркімнің өз еркінде», - дейді студент.

Студенттің ойынша, екпе алу арқылы біз вирустың таралуын тоқтата аламыз және онымен күресеміз.

«Вакцина салсақ біздің ағзамызда вирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Сол арқылы, вируспен ауырған жағдайда да оңай жеңіп шыға аламыз», - деді алматылық студент.

«Және де вакцина алудың тағы бір жағымды жағы – қалыпты өмірімізге тез оралуға көмектеседі. Әрине, қалыпты өмірге оралуымызға бірден-бір себепкер ол – біз. Сондықтан, құрметті студенттер, сіздерге айтарым әрқайсыларыңыз өздеріңіз үшін, жақындарыңыз үшін вакцина алғандарыңыз жөн», - деді ол.