Жолдау айтылды, енді оны сәтті жүзеге асыру қажет - Жасұлан Қуандық

Жолдау айтылды, енді оны сәтті жүзеге асыру қажет - Жасұлан Қуандық Сурет: ашық дерек көзі

Жасұлан Қуандық, Алматы студенттер альянсының төрағасы: 


Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тағатсыздана күтіп, қуанышпен тыңдадым. Бұл Жолдау Жаңа Қазақстанды құрудағы ең үлкен бетбұрыс болды. Тек экономикалық-саяси өзгерістерден бөлек, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына да біршама өзгерістер енгізілді. Ұлы тұлғаларымыз ұлықталып, тарихи және рухани сана түгенделді.

Демократия ұғымы енді ашылғандай болды. Президенттік өкілеттілік қысқарып, Парламентке басымдық беріледі. Бұл - дамыған мемлкеттердің тәжірибесі. Депутаттар саны қысқарып, сандық емес сапалық құрылымға баса мән берілді. Сайлау жүйесіне де біршама өзгерістер енгізіліп, партиялық ұйымдарды тіркеу үдерісі қысқарды.

Тарихи таным. Құрылтай сөзі қайта жанданды. Елімізде Ұлттық кеңес орнына Ұлттық құрылтай құрылатын болды. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі қайта қалыптасып, жергілікті мәслихаттардың рөлі күшейеді.

Жолдау айтылды, енді оны сәтті жүзеге асыру қажет. Жаңа Қазақстан үшін - жаңа бастамалар! Біз БІРГЕМІЗ!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45