Алматыдан 324 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 324 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Сурет: Ашық дереккөзі

Тереңдігі - 20 шақырым

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жер дүмпуі 28 қыркүйек күні Алматы уақытымен таңғы сағат 3:20 шамасында болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 324 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 10.0. MVP магнитудасы - 4.7. Бағыты - 42.13° с.е. 80.58° ш.б. Тереңдігі - 20 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ»,-делінген хабарламада.