Алуа Ибраева, профессор: Еліміздің әр тұрғыны Конституцияны оқуы керек

Алуа Ибраева, профессор: Еліміздің әр тұрғыны Конституцияны оқуы керек
сурет: Almaty-akshamy.kz

Конституция біздің амандығымыздың іргетасын құрайды.

Елдің әр азаматы елдің Негізгі Заңын білуі және құрметтеуі, оқуы керек дейді заң ғылымдарының докторы, профессор Алау Ибраева. Профессор бұл пікірімен Almaty-akshamy.kz тілшісімен сұхбаттасуы барысында бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бүгін Қазақстан Конституция Күнін атап өтуде. Біз үшін Конституцияның маңызы қандай деген сұрақтар төңірегінде профессор Алуа Ибраева айтып берді.

 
«Бұл еліміздің негізгі заңы. Біз бейбіт қоғамда өмір сүріп жатырмыз, мамандық таңдай аламыз, өз құқықтарымыз бен еркіндігімізді жүзеге асырып, өз болашағымызға сеніммен қарай аламыз. Біздің Конституциямыздың мәні мынада, мұнда маңызды принциптер, идеялар, ережелер бекітілген, олардың негізінде адамдар арасындағы қатынастар құрылады, қоғам дамиды, мемлекет жұмыс істейді», - дейді А.Ибраева.

Біздің Конституциямыз Қазақстанды бейбіт мемлекет деп жариялайтынын, мұнда түрлі ұлттар мен халықтар бейбітшілік пен келісімде өмір сүретінін айтты ол.
Конституцияның кіріспесіне назар аударсақ,  «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз», - делінген.


«Негізгі заң бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі осы заңға дауыс бергенін, осында бекітілген барлық идеяларды қолдайтынын білдіреді. Біздің Конституцияда негізгі демократиялық идеялар бекітілген. Бұл демократия, президенттік басқару формасы, тең дәрежеде мемлекеттік және жеке меншікті тану. Еліміздегі мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Сонымен бірге Конституцияда билік органдары мен мемлекеттік ұйымдарда орыс тілін пайдалануға ресми түрде рұқсат етілген», - деп атады Алуа Ибраева.

Профессордың айтуынша, Конституция – бұл қатып қалған акт емес. Уақыт өзгереді және бұл өзгерістер конституциялық нормаларда көрініс табады. ҚР қолданыстағы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 жылдары енгізілді.

«Конституцияға түзетулер қабылдаған кезде не өзгеріссіз қалуы керек деген сұраққа жүгінейік? Мұнда өзгерістерге ұшырамайтын нормалар бар, өйткені бұл ережелер жалпы қоғамның мүдделеріне толық сәйкес келеді. Бұл мемлекеттің прогрессивті дамуға ұмтылуына, мемлекетіміздің бейбітшіл сипаты туралы ережесіне,ұлтаралық келісім мен конфессияаралық қатынастар туралы ережеге, адам құқықтарына қатысты нормаларға және т. б. қатысты нормалар. Сонымен бірге, жоғары билік пен басқарудың қалыптасуы мен қызметіне қатысты нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін», - деген пікірімен бөлісті заң ғылымдарының докторы.

Осылайша, ол қазіргі уақытта біздің мемлекетіміздің дамуының негізін елдің Бас Заңына енгізілген идеялар мен ережелер құрайтынын алға тартты.

«Конституция біздің амандығымыздың іргетасын құрайды. Қорытындылай келе, елдің әр азаматы елдің Негізгі Заңын білуі және құрметтеуі, оқуы керек деп айтқым келеді. Бұл мереке әр адам үшін маңызды», - деп қорытындылады Ибраева.