Artsport бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілерге қойылатын талап күшейтілді

Artsport бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілерге қойылатын талап күшейтілді
Сурет: Gov.kz

Үйірме ұйымдастырушыларына қатаң санитарлық талаптар қойылмақ.

Artsport бағдарламасы бойынша қызмет көрсетушілерге қойылатын талап күшейтілді. Жаңа талап бойынша, әр балаға бір ваучерден ғана беріледі, ал бұрын екеуін бірден алуға болатын еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz cілтеме жасап. 

Сондай-ақ кейбір бөлімдерде жас шегі төмендетілді, мысалы, еркін күреске бұдан былай тек 10 жастан бастап жазылуға болады. Сонымен қатар үйірме ұйымдастырушыларына қатаң санитарлық талаптар қойылмақ. Айта кетейік, ArtSport бағдарламасы аясында бюджет қаржысының 1 млрд теңгеден астамы талан-таражға түскені белгілі болды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Шенеуніктер алты мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға тіркеген, бірақ олар іс жүзінде ештеңеге қатыспаған болып шықты.

"Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы үйірмелерде оқушыларды спортқа қатысы жоқ адамдар дайындағаны белгілі болды. Тіпті, бұрын жезөкшелікке және жыныстық қол сұқпауға қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталғандар да бар", - деді бас прокуратура өкілдері.