Арменияда 17-18 тамыз қаралы күн болып жарияланды

Арменияда 17-18 тамыз қаралы күн болып жарияланды
Сурет: Дереккөз

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Арменияның премьер-министрі Никола Пашинянның шешімімен 17 және 18 тамыз күндері Ереван қаласындағы «Сурмалу» сауда орталығындағы өрттен адамдардың қаза болуына байланысты қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Armenpress агенттігінің мәліметінше, 16 тамыздағы жағдай бойынша, Армения ТЖМ іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сурамул сауда үйінде 14 тамыз күні жарылыс болып, оның арты өртке ұласқан болатын. Қазіргі жағдаймен алғанда, 3 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.
Арменпресс-тің хабарлауынша, өрт 16 тамыз күні 14:38-де оқшауланып, 17:49-да толықтай сөндірілген. Өртенген және құтқару жүргізілетін жер 1 гектар аумақты алып жатыр.
Құтқару жұмыстарының нәтижесінде 16 адамның денесі табылды.