Армения қандай жағдайда Әзірбайжанмен бейбіт келісімге келетінін айтты

Армения қандай жағдайда Әзірбайжанмен бейбіт келісімге келетінін айтты
Сурет: Ашық дереккөз

Жер дауы

Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындаған жағдайда бейбіт келісімге келуі мүмкін. Армения Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын толық мойындайды және КСРО кезіндегі картаны негізге алуды ұсынады. Бұл туралы Парламентте Армения Премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Егер екі ел екіұшты және құйтырқы ойсыз бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындап, бүгін де, кейін де аумаққа қатысты наразы болмайтынына міндеттелсе Армения мен Әзірбайжан бейбіт келісімге қол жеткізуі мүмкін. Қазір мен Армения Республикасы Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын толық мойындайтынын растағым келеді және Әзірбайжан да Армян КСР аумағын Армения Республикасына тиесілі деп мойындағанын күтеміз», - деп мәлімдеді Никол Пашинян 2022 жылғы ел үкіметінің есебін ұсына отырып.

Оның сөзінше, факт жүзінде тараптар бұл туралы 2022 жылдың 6 қазанында Прагада және 2022 жылдың 31 қазанында Сочиде келісіп, келісім жария мәлімдемеде тіркелген болатын.

«Соған қарамастан, Ереваннан да, Бакуден де қарсы тарапты келісімді орындамады деп айыптайтын ресми мәлімдеме жасалды. Сондай-ақ Армения бейбіт келісім кезінде Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын мойындаудан бас тартты немесе бас тартады деген пікірлер – жалған, біз оны дәлелдей аламыз. Біз өзіміз бейбітшілік туралы келісімге екі елдің аумақтық тұтастығын мойындау негізі ретінде КСРО дайындап, бекіткен Армян мен Әзірбайжан КСР картасын енгізуді ұсынғанбыз», - деп атап өтті Никол Пашинян.