Ардагерлерге Жеңіс күніне орай тиісті төлем аударылады

Ардагерлерге Жеңіс күніне орай тиісті төлем аударылады
Сурет: Mail.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне тиісті төлем аударылатынын айтты.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елімізде 237 ардагер бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін таңертең ғана осы мәліметтерді шолып шықтым, 237 адам бар. Оларға 9 мамырда тиісті материалдық төлемдер барлық облыста аударылады. Әкімдіктердің ұсынысы бойынша ардагерлерге 1,5 млн теңгеден кем емес сомада қаражат төленеді», - деді Т. Дүйсенова Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін хабарланғандай, Оралда Жеңіс күніне орай майдангерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі. 

Еске сала кетейік, 2021 жылы Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 665 ардагер бар еді.