Анна Данилина - финалда!

Анна Данилина - финалда!
Сурет: ашық дереккөз
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге жартылай финалда италиялық теннисшілер Анжелика Морателли мен Камилла Розателломен ойнады.

Қазақстандық-ресейлік теннисшілер қарсыластарын 3:6, 7:6, 10:3 есебімен жеңді.

Енді олар финалда америкалық-чехиялық жұп Анджела Куликов пен Мириам Колодзиевамен ойнайды.