Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді

Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді
Сурет: 24.kz

Қола құтты болсын!

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жектер өз мәресіне жетті. Жерлесіміз Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты. 

Кездесудің екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті. 

Отандасымыз Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Өкінішке орай, қазақстандық боксшылар еншісінде алғаш рет Олимпиада алтыны бұйырмады.