«Тобыл» «Базельден» басым түсті

«Тобыл»  «Базельден» басым түсті
Сурет: ашық дереккөз

Бүгін қазақстандық «Тобыл» UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу сатысында сырт алаңда Швейцарияның «Базель» командасын жеңді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жанкүйерлер бұл кездесу швейцариялық команданың басымдығымен аяқталады деген ойда болды.

Кездесудің алғашқы минуттарында «Базельдің» басымдығы байқалып тұрды.

Нәтижесінде олардың қатарынан Тьерно Барри 25-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңде «Тобыл» командасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Ойынның 57-минутта қостанайлық клубтан Серж Дебле пенальтиді шебер орындады.

Одан кейін Рамазан Оразов - 62, Ислам Чесноков - 71-минутта басымдықты арттырды.

Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.