Анна алға шықты

Анна алға шықты
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Остин (АҚШ) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – қытайлық Шуай Чжан бастапқы кездесуін италиялық Луция Бронзетти – қытайлық Сиюй Ванмен сәтті өткізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қазақстандық-қытайлық жұп бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Олар 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Бронзетти – Ван 1 брейкпен шектелді.

Анна Данилина – Шуай Чжан жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлспен таласады.

Оливия додасы 4 наурызда мәресіне жетеді.