Америкада қуаңшылық болуы ықтимал

Америкада қуаңшылық болуы ықтимал
Сурет: 24.kz

Америкада алдағы жазда қуаңшылық болуы мүмкін деген болжам бар

Мұндай болжамды сол елдің климаттанушылары жасаған. Олардың пайымдауынша, құрғақшылық жаңбыр мен қардың аз түсуіне байланысты болып отыр.

Қазіргі кезде Тынық мұхитының солтүстік батысында алқаптың 70 пайызы қурап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, былтыр АҚШ-тың батыс бөлігінде соңғы жылдардағы ең қатты қуаңшылық деңгейі тіркелген болатын. Алдағы жазда жағдай одан әрі қиындай түседі деген болжам айтылуда.

«Биылғы жазда ормандардың өртену қауіпі бұрынғыдан жоғары. Бұл көктемнің жауын-шашын мөлшеріне байланысты болады. Елімізде қуаңшылықтың белең алуы әбден мүмкін, сондықтан қиындықтарға дайын болуымыз керек», - дейді Орегон штатының климаттанушысы Ларри О’нил.