Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамында «Ирина Кайратовна» тобының режиссері бар

Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамында «Ирина Кайратовна» тобының режиссері бар
Сурет: Elorda.info

Жастар арасындағы танымал топтың режиссері еліміздегі маңызды кеңестің құрамына кірді

Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамына «Ирина Кайратовна» тобының режиссері Қуаныш Бейсеков те кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин facebook-парақшасында кеңестің жаңа құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар, кәсіпкерлер, өңірлердің, ауыл және шығармашыл жастардың өкілдерінен құралғанын айтқан. 

«Бұл жастардың барлығы - өз саласының майталман мамандары. Өскелең ұрпақтың өзекті мәселелерін жақсы біледі. Әртүрлі жас буынның арасында зор бедел мен сенімге ие», - деді ол.