«Алтын орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

«Алтын орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды
Сурет: Tengrinews.kz

Алматы маңындағы «Алтын орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды.

Күдіктілерді Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Данияр Әпдіғапаровқа, 1982 жылы туған, Жұмадин Патовқа, 1982 жылы туған, Қанат Жақаевқа, 1984 жылы туған, сонымен қатар Айдос Нұрқалиевқа, 1986 жылы туған, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланды.

«Қазіргі уақытта жоғарыда аталған тұлғаларды ұстап, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына орналастыру бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Нәтижелері кейінірек хабарланады», - деп атап өтті ведомстводан.