Алты облыста жол қозғалысына шектеу енгізілді

Алты  облыста  жол қозғалысына шектеу енгізілді
almaty-akshamy.kz
4 ақпан сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында – 1 учаске

1. "Екатеринбург - Алматы" 1292-1353 км, Жібек жолы ААП -Қарағанды обл.шек. – 61 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Ақтөбе облысында– 2 учаске

1. "Самара-Шымкент" 776-965 км, ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км.

2. "Самара-Шымкент" 965-1153 км, Қарабұтақ к.-Ырғыз к. – 188 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Жамбыл облысында – 1 учаске

1. "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел)

Қарағанды облысында – 3 учаске

1."Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы" 0-16 км, Пришахтинск к.-Новостройка а. – 16 км.

2. "Екатеринбург-Алматы" 1426-1446 км, ААП-Теміртау қ. – 20 км.

3. "Екатеринбург - Алматы" 1353-1426 км, Ақмола обл. шек. -Теміртау ААП– 73 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында – 1 учаске

1. "Жезқазған-Петропавл" 252-335 км, Ұлытау обл.шек. -Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

 Ұлытау облысында – 1 учаске

1. "Жезқазған-Петропавл" 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 432 бірлік техника және 563 жолшы жұмылдырылды.