Балабақшаларда орын тапшылығы азаяды

Балабақшаларда орын тапшылығы азаяды
Сурет: интернеттен

Алматының жаңа жекеменшік балабақшаларында мемлекеттік тапсырыс бойынша 5,3 мыңнан астам орын пайда болады

Алматыда Мемлекет басшысы берген тапсырма аясында балабақшалардағы кезек, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердегі орын тапшылығы азайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ерболат Досаев бұл мәселені шешу үшін жеке бизнес белсенді тартылатынын атап өтті.

"Ағымдағы жылы Алматыда 76 жаңа жекеменшік мектепке дейінгі білім беру орталықтарында 5 330 орынға тапсырыс  берілген. Сондай - ақ, біз ірі құрылыс салушылармен әлеуметтік әріптестік тетігін дамытудамыз. Оның аясында 2025 жылға дейін 2100 орындық 11 толыққанды балабақша ашуды жоспарлап отырмыз", - деді Алматы әкімі.

Оның айтуынша, мектептердегі оқушы орындарының тапшылығы жаңа оқу орындарын салу арқылы да шешіледі. Ал жаңа оқу жылының басында ол 36% - ға қысқарды.