Қуат пен Пираев жекпе-жегі өтпек

Қуат  пен Пираев жекпе-жегі өтпек
Сурет: Liter.kz

Тартысты жекпе-жек

Бүгін 24 қыркүйекте Сочиде (Ресей) аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Аталмыш кештің басты жекпе-жегінде қазақ файтері Қуат Хамитов «Пиранья» лақап атымен танымал ресейлік Мариф Пираевпен кездесетін болады.

Осы кездесу аясында тағы бір қазақстандық файтер Нұрбек Қабдырахманов кәсіпқой мансабындағы бесінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы - ресейлік Азамат Ачмиз (3-0).

Сондай-ақ, Хамитов кейінгі жекпе-жегін маусым айында өткізді. Онда жерлесіміз украиналық Роман Головиновті бірінші раундта жеңді.

Тікелей трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 23:15-те басталады. Көптен күткен жекпе-жектерді мына сілтеме арқылы көруге болады.