Серкебаев ескерткіші жобасына байқау жарияланды

Серкебаев ескерткіші жобасына  байқау жарияланды
Сурет: Esquire.kz

Ең үздік жоба 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 1 ақпан аралығында анықталатын болады. 

КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевқа орнатылатын ескеркіштің ең үздік жобасына ашық байқау жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

БАҒДАРЛАМАСЫ және ШАРТТАРЫ 

  1. Байқаудың мақсаты 

  Көрнекті опера және камералық әнші, актер, педагог, КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың ескерткішінің монументалды-көркемдік тұрғысынан  ең жақсысын  анықтау мақсатында Қазақстан Республикасында салынып жатқан ескерткіштер мен ескерткіштер жөніндегі мемлекеттік комиссияның қаралымына ұсынып, шешім шығару. 

  1. Байқау бағдарламасы

Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіштің көркемдік бейнесі қазақ вокалдық орындаушысының теңдессіз таланты мен таңғажайып дауысын, оның әртістігін, мінсіз шеберлігін және жоғары орындаушылық мәдениетін көрсетуі шарт. Сонымен қатар,  ескерткіш Ермек Серкебаевтың сирек кездесетін адами қасиеттерін, даладай дархандығы мен қарапайым жан сұлулығын таныту қажет.

Ескерткіш композициясы қолданыстағы сәулет және қала құрылысы ортасына үйлесімді түрде сәйкес келуі керек.

Жобаны жасағанда мықты материалдар (мәрмәр, гранит, қола, т.с.с.) қолданылуы керек.

Орнатылатын орны – Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 83. 

  1. Байқау шарттары 

Байқауға барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ авторлық ұжымдар қатыса алады. Байқауды өткізу мерзімі - 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 1 ақпанға дейін. 2023 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей жіберілген жұмыстар 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74 А, Алматы қаласы мәдениет басқармасы, №305 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

Басқа қалалардың авторлары пошта түбіртегінің нөмірін алдын ала хабарлай отырып, жобаларды белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Алматы қаласы мәдениет басқармасының мекенжайына жібереді. Байқауға жобалар алты таңбалы санмен көрсетілген ұрандармен ұсынылады. Ұран конкурсқа ұсынылған жобаның барлық материалдарының жоғарғы оң жақ бұрышында, сондай-ақ ұрандық конвертте (биіктігі 1 см) жазылады. Ұранмен жабылған конвертте жоба авторының тегі, аты және мекенжайы көрсетілген ақпараттық парақ болуы керек.

Екі беттен аспайтын қысқаша түсіндірме жазба екі данада ұсынылады. «Тімеѕ New Roman» қарпі, өлшемі №14, бір жоларалық интервалмен. Жазбада ескерткіштің негізгі идеясы, көркемдік шешімі және кеңістікті ұйымдастыру принциптері көрсетілуі керек.

Байқау қорытындысы бойынша шешімді Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясы қабылдайды.

Байқау шарттарын бұза отырып ұсынылған жобалар конкурсқа жіберілмейді және комиссияда қаралмайды. 

  1. Байқаудың жобалық ұсыныстары мен ұсынылатын материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптардың құрамы: 
  1. Масштабы 1:10 жоба эскизі (мүсін композициясы);
  2. Масштабы 1:200 бас жобасы (сызба жобасы);
  3. Ескерткіштің (мүсіндік композицияның) 2 қасбеті және 1:20 масштабты 1 перспектива;
  4. Түсіндірме жазба.

Жобалар өлшемі 60х80 см планшетпен ұсынылады. Графикалық орындау әдісі, макеттің түсі, техникасы және материалы – автордың қалауы бойынша.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (727) 272-01-38 телефоны бойынша алуға болады.