Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынбақ

Алматының таулы аудандарында құрылысқа тыйым салынбақ
Сурет: Funart.pro

Аталған ұсыныстар қолдау тапты.

Қаланың таулы аудандарында құрылысқа тыйым салу мәселесін Алматының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы көтерді. Орган таулы аймақта құрылыс пен алма бақтарды кесу жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты талдау жүргізген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұрын жер пайдаланушыларға меншік құқығы беріліп, құрылысқа тыйым салу үшін заңнамалық негіздер болмаған.

 «Осы мәселені талдау қорытындылары бойынша біз қала әкімдігіне таулы жердегі жер учаскелерін рекреациялық аймаққа жатқызу мәселесін қарауды ұсынып, қадағалау актісін енгіздік. Бұл заң бойынша көрсетілген аймақта жаңа объектілердің құрылысына тыйым салуға мүмкіндік береді. Аталған ұсыныстар қолдау тапты. Енді әкімдік егжей-тегжейлі жоспарлау және қала құрылысының Бас жоспарына тиісті өзгерістер енгізеді. Олар осы жылдың маусымында бекітілуі керек. Сондай-ақ, осы талдау барысында Обсерватория көшесінде тұрғын үй құрылысы кезінде алма бақтарын заңсыз кесу дерегі анықталды. Медеу аудандық полиция басқармасы аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлады табиғат қорғау прокуратурасынан.