Шетелдік ұйымдардан ақша алатындар тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланады

Шетелдік ұйымдардан ақша алатындар тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында жарияланады
Сурет: 24.kz

Деректер базасында қамтылған мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсына: www.kgd.gov.kz орналастырылады.

ҚР ҚМ МКМ «Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу туралы» бұйрыққа толықтыру әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Деректер базасында қамтылған мәліметтер, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес «Жариялануға жататын шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі» нысаны бойынша, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына: www.kgd.gov.kz орналастырылады.

Сондай-ақ тізілімді жүргізу нысаны әзірленді, онда мына мәліметтер көрсетіледі: БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі, ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі.

Құжат 8 ақпанға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.