АҚШ-та мемлекеттік бағдарламадан 100 млрд доллар шамасындағы қаражатқа қол салған

АҚШ-та мемлекеттік бағдарламадан 100 млрд доллар шамасындағы қаражатқа қол салған
Сурет: Аvto.goodfon.ru

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық тиылар емес

АҚШ-та мемлекеттік бағдарламадан 100 миллиардтай доллар жымқырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы «Ассошиейтид пресс» агенттігі хабарлады. Ақша індеттен жапа шеккен кәсіпорындар мен жұмысынан айырылған азаматтарды қолдауға бағытталған жобадан ұрланған.

Алаяқтықтың көбі жұмыссыздыққа қатысты берілетін жәрдемақыны бөлу кезінде жүзеге асырылған. Тергеушілер жұмыссыздық пен қарызды сақтандыру ісін тексере келе 1 миллиардтан астам долларды кері қайтарған.

Қазір пандемия кезіндегі алаяқтыққа қатысты 900 қылмыстық іс қарастырылып жатыр. Әр штатта 100 шақты адам қамалған.