Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады

Синоптиктер еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады
Сурет: Ашық дереккөзі

Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 қазанда еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен қатты жел тұрады деп күтіледі.

Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.