«Ассоль. Тұлғалар –  шабыт бастауы...»

«Ассоль. Тұлғалар –  шабыт бастауы...»
Сурет: Vecher.kz

2023 жылдың 21 ақпан күні сағат 15:00-де Алматы қаласының тарих Мұражайында суретші Әсел Сабыржанқызының  «Ассоль. Тұлғалар –  шабыт бастауы...»  көрмесінің ашылуы өтеді.

Көрме ТЮРКСОЙдың  Алматы қаласындағы кеңсесімен бірлесе ұйымдастырылып, ұйымның 30 жылдығы аясында өткізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) – суретші, станоктық кескіндеменің шебері, өнертану ғылымының магистры. Ол бес жасынан бастап сурет салумен айналысады. Бойжеткеннің әлеуметтік желідегі парақшасындағы көрсеткен өнерін ешқандай  өнер мекемелерінде оқытпайды, мұның бәрі ұзақ тәжірибе мен қажырлы еңбек.

Әсел өз жұмысында символдық графика әдісін пайдаланады. Бұл шағын құрамдас бөліктерден құралған, адамның портретің салатын кездегі әдіс болып табылады. Бұл әдістің бір мысалы – Әселдің «Көзімнің қарасы» әнінің сөздерін пайдаланып салған  Абайдың портреті. Алматылық суретшінің қайталанбас қабілеттерінің бірі – екі қолмен, әрі екі аяқпен қатар сурет сала білуі. Осылайша ол әрбір Қазақстан азаматына белгілі тұлғалардың алты реалистік портретін салды.

Нейротерапевт Билл Скоттың айтуынша, Әселдің сурет салу барысында  ми белсенділігі шамадан тыс артады.

Әсел  шығармашылық көзқарас пен қазақ өнерін халықаралық деңгейде танытқаны үшін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке марапатына ие болды.

Суретші алдағы уақытта өзінің  мектебін ашуды жоспарлап отыр. Көрме Алматы қаласының мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың  бірі болмақ.

Көрме 2023 жылдың 2 наурызына дейін жалғасады.