Алматының екі секторында суық су уақытша ажыратылады

Алматының екі секторында суық су уақытша ажыратылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

30 қарашада сағат 9:00 – ден 17:00 – ге дейін Бостандық ауданындағы Қожанов - Гагарин - Байқадамов - Жароков көшелерінің аумағында су беру уақытша тоқтатылады; ал  Түрксіб ауданындағы  Бехтерев, Вятка, Усачев, Монтин көшелерінде орналасқан жеке тұрғын үйлерде уақытша суық су болмайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Аталған қалалық секторлардағы тұтынушылардың суық судан уақытша ажыратылуы жаңа инженерлік желілерді сумен жабдықтау жүйесіне қосу және технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды орындаумен байланысты.

Анықтама телефоны: +7 727 274 66 66.